ӘСИЯ ТАСМҰРАТҚЫЗЫ ҚАБДОЛДАНОВА (ЖОЛУМБЕТОВА)

ӘСИЯ ТАСМҰРАТҚЫЗЫ ҚАБДОЛДАНОВА (ЖОЛУМБЕТОВА) 1981 жылы 31 наурызда Ресей Федерациясында дүниеге келді. 

1999 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Шәкәрім атындағы Семей университетіне түсті. 2004 жылы «Журналистика» мамандығы бойынша осы оқу орнын аяқтады. 2003-2004 жылдары Алматы қаласында «Универсал Реклама» компаниясында жарнама менеджері болып қызмет атқарды. 2004 жылдан бүгінгі күнге дейін «Қазақстан» РТРК АҚ Семей қаласындағы филиалында орыс тіліндегі бағдарламалар редакциясының редакторы қызметін атқаруда. 2008 жылы Алматы қаласындағы «Қазақстан» арнасында біліктілікті жоғарлату курстарынан өтті. 2004 жылдан бастап «Кайырлы тан», «Время вашего вопроса», «Казахстан 2050», «Специальный репортаж», «100 конкретных шагов» бағдарламаларынынң редакторы әрі жүргізушісі. «Намыс» спорттық бағдарламасының авторы. Еңбек жолын бастағаннан, бүгінгі күнге дейін түрлі жанрдағы бағдарламалардың авторы, редакторы әрі жүргізушісі болды. Олардың арасында қаланың әлеуметтік тынысы жайлы телекөпірлер, облыс пен қаланың басшылығы қатысқан тікелей эфирлер бар. Сондай-ақ, компанияның ұйымдастырушылық жұмысымен айналысып, бағдарламалардың демеушілерімен іскерлік қарым-қатынас орнатқан. Телеарнаның имиджін көтеруге бағытталған қалалық акцияларға белсенді қатысуда.  2013 жылы облыстық журналистер байқауының дипломанты. 2015 жылы «Жыл журналисі» ШҚО әкімінің жүлдесін жеңіп алды. 2016 жылы Курчатов қаласының Ұлттық Ядролық Орталығы ұйымдастырған байқаудың жеңімпазы.