Ильмира Бекмухаметова Аманжолқызы

Ильмира Бекмухаметова Аманжолқызы 1974 жылы  шілде айының 7-сі Семей облысының 8-март учаскесінде дүниеге келді.

Семей қаласының Сейфиллин атындағы №1 мектеп-интернатында білім алды. 1990 жылы Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищеде оқуға түсті. Училищені «Қобыз-прима»  мамандығы бойынша бітірді. 1994 жылы Жарма ауданының Мәдениет үйінде «Қазақ Ұлттық аспаптар оресторының» мүшесі болдым, сонымен қатар саз мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді. 2004-2008 жылдар аралығында Көкпекті ауданының саз мектебінде сальфеджио, теория, прима қобыз пәнінен сабақ берді.  2011 жылы  «Қазақстан» РТРК АҚ Семей қаласындағы филиалына қызметке тұрды. Бастапқыда әрлеуші болып жұмыс істедім. 2015 жылыдан бүгінге дейін дыбыс режиссері болып қызмет атқаруда.