Бердібек Улянов

Бердібек Улянов 1989 жылы 13 қарашада дүниеге келді. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының тарих – филология факультетін тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2012 жылы «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының Шығыс Қазақстан облыстық штабында маман болып бастады. Мұнан кейін Семей мемлекеттік медицина университетінің Жастар ісі жөніндегі комитеті төрағасы болып қызмет атқарды. 2014 жылдың қазан айынан бастап 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін «Қазақстан» РТРК АҚ Семей қаласындағы филиалының «Жаңалықтар» бөлімінде редактор-тележүргізуші болып еңбек етті. 2016-2017 жылдары Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде жұмыс істеді. 2017-2019 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

2020 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында Семей қаласының жастар ресурстық орталығында SMM-редактор ретінде жұмыс істеді. Сол жылдың маусым айынан бастап «Қазақстан» РТРК АҚ Семей қаласындағы филиалының «Жаңалықтар» бөлімінде редактор-тележүргізуші болып еңбек етуде.

Қала әкімінің алғыс хатымен, «Ауыл» партиясының құрмет грамотасымен марапатталған.