Евгений Александрович Проскурин

1983 жылы 28 маусымда дүниеге келді. №6 мектеп-гимназияның гуманитарлық сыныбында оқыды. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған соң, «Қазақстан-Семей» арнасында жұмыс істейді. Телевизияда11 жыл ішінде тележүргізуші, режиссер және бағдарламалар редакторы болды. «Жасөспірім медиа-холдинг» және «Надо» жастар бағдарламасының жетекшісі әрі шығарушысы. «Қазақстан» ҰТА басшылығы тарапынан бірқатар алғыс хаттармен марапатталған. 2007 жылы «Телевизиядағы режиссура» бойынша біліктілігін арттырды. Қоғамдық жұмыстармен айналысты. 2003 жылдан 2006 жылдар аралығында «Микс» қоғамдық қорының Семей қаласындағы филиалында директор орынбасары, PR-ға жауапты әрі ерікті болды.