Гүлназ Мухаметқалиқызы Қаукен

Гүлназ Қаукен Мухаметқалиқызы - 1985 жылы қаңтар айының 23-інде ШҚО Семей қаласында дүниеге келді.

Семей қаласындағы №15 орта мектепті тәмәмдағаннан кейін, 2001 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 2005 жылы үздік бітіріп шықты. Білім ордасында оқып жүріп, қазіргі Семей телеарнасында режиссер Айым Сұлтанқызы Ерметованың жетекшілігімен жастарға арналған «Backstreet» ток-шоуын жүргізді. Сонымен қатар, «Ой түйін» бағдарламасының жүргізушісі болды. 2006 жылдың наурыз айынан  «Қазақстан» РТРК АҚ Семей қаласындағы филиалына қызметке тұрды. Қазақ тілді бағдарламалар редакциясының «Қайырлы таң», «Заң әліппесі» сынды бағдарламаларды  жүргізді. Бүгінде «Жаңалықтар» редакциясында редакторлық және жүргізуші қызметін атқарады.