Хасен Советханұлы Молдабаев

Хасен Советханұлы Молдабаев, «Қазақстан» РТРК» АҚ Семей қалалық филиалының директоры

Молдабаев Хасен Советханұлы Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында дүниеге келді. Өзінің еңбек жолын 2003 жылы жергілікті телеарнада жүргізуші-редактор қызметінен бастады және осы жылдары «Жасыл ел» штабының баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді. Мұнан кейін еңбек жолын Астана қаласында «Эра» телеарнасында жаңалықтар қызметінің жүргізуші және тілшісі болып жалғастырды. 2009 жылы жаңа 7 арнаның арнайы тілшісі ретінде жұмыс істеді. Хасен Молдабаев әр жылдары мемлекеттік қызметте, квазимемлекеттік секторда бұқарамен байланыс маманы және баспасөз қызметінің жетекішісі,  24.kz телеарнасындағы бірқатар бағдарламалардың жүргізуші-редакторы болып еңбек етті. Іскерлік медициналық журналдың және білім орталығының басшысы қызметтерін атқарды. 2018 жылдың 21 қарашасында     «Қазақстан» РТРК» АҚ Семей қаласындағы филиалының директоры болып тағайындалды.

БІЛІМ

  • Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университеті, әлеуметтік-ғылымдар факультеті, мамандығы: «Бұқарамен қарым-қатынас» (PR);
  • Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университеті, әлеуметтік-ғылымдар факультеті, мамандығы: «Құқықтану».

ҚОСЫМША

  • 2005 ж. - Семей қаласы әкімі жүлдесінің «Жылдың жас журналисі» номинациясының иегері;
  • 2010 ж. - БАҚ сіңірген еңбегі үшін ҚР Премьер-Министрі атынан алғыс хат иегері;
  • 2010 ж. – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы саммитін ұйымдастырып, ақпараттық қолдау көрсеткені үшін Астана қаласының әкімі  И.Тасмагамбетовтың атынан  алғыс хат иегері;
  • 2013 ж. - «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет: негізі, принциптері мен даму перспективасы» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметкерлерді қайта дайындау курсынан өтті;
  • 2017 ж. - Денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановтың атынан алғыс хат иегері.