Бақытгүл Қазезқызы Қазез

1995 жылы 4 тамыз Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келді.

 

2013 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет,

«Гуманитарлық-заң»  факультетінің «Журналистика» мамандығына оқуға түсті.   2017 жылы оны үздік бітіріп «Әлеуметтік білім бакалавры» дәрежесі берілді.

 

2018 ж. Ю.Витте атындағы Мәскеу университетіне магистратураға оқуға түсіп,  кейін Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің  «Құқық» факультетінде білім алады. 2019 жылы «Құқық магистрі» дәрежесі берілді.

 

2017 жылдан  бастап "Қазақстан" РТРК Семей қаласындағы филиалының "Жаңалықтар" бөлімінде қазақ және орыс тілдерінде редактор қызметін атқарады.

 

«Арнайы репортаж», «Пульс города» ақапараттық сараптама бағдарламаларын эфирге дайындады.

 

«Жаңғырған заманның жаңа мектебі» республикалық журналистер байқауының жеңімпазы;

 

«Асыл мұра» жас журналистер арасында өткен республикалық байқаудың бас жүлде иегері;

 

«2019 жылдың үздік жас журналисі» номинациясы бойынша Семей қаласы әкімі сыйлығының иегері;

 

ШҚО полиция басқармасының басшыларының, әкімшіліктің дербес бөлімдері жетекшілерінің, қала әкімі орынбасарларының, ШҚО ұйымдары мен кәсіпорындары директорларының, «Қазақстан» РТРК АҚ төрағасы Л.Танысбайдың алғыс хаттарымен марапатталды.