Қуаныш Смағұлов Рахметоллаұлы

Қуаныш Смағұлов Рахметоллаұлы 1987 жылы желтоқсан айының  20-ында  ШҚО Семей қаласында дүниеге келді.

Семей  қаласындағы Шәкәрім атындағы №5 гимназия мектебін бітіргеннен кейін, 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 2009 жылы ойдағыдай бітіріп шықты. Оқу оқып жүріп 2008 жылы “Қазақстан құрылысшы” газетінде еңбек жолын тілші ретінде бастайды. Сонымен қатар Республикалық “Дала мен қала”, “Алаш айнасы” газеттерінде мақалалары жарияланып тұрды. 2011 жылдың маусымынан «Қазақстан» РТРК АҚ Семей қаласындағы филиалына қызметке тұрды.  «Қазақстан-2050», «Ой талқы» бағдарламаларын жүргізді. Ал бүгінгі таңда «Қайырлы таң», «Көкейкесті»  бағдарламаларында редактор-жүргізуші болып қызмет атқарады. 2012 жылы «Нұр Сұңқар» республикалық журналистер байқауының номинанты атанды. 2012 жылы Семей  қаласы әкімінің «Жылдың жас журналисі» номинациясын иеленді. 2015 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Хикмет» телерадиостудиясы Қазақ Хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық байқаудың жүлдегері атанып, қажылыққа жолдама алды. 2015 жылы Курчатов қаласында Ұлттық ядролық орталықтың ұйымдастырумен өткен журналистер арасындағы республикалық конкурстың жүлдегері атанды. 2017 жылы БАҚ арасында ұйымдастырылған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» республикалық конкурсының жүлдегері атанды.