Маржан Еркімбекқызы Нұрышева

Нұрышева Маржан Еркімбекқызы -1988 жылы 10 мамырда Семей қаласында дүниеге келді. 2005 жылы Шәкәрім атыңдағы № 5 мектеп  -гимназиясын бітірді. Оқушы кезінен жергілікті «Арна», «Ертіс өңірі» газеттерінде мақалалары мен өлеңдері жарияланып тұрды. 2010 жылы Қазақ Инновациялық Гуманитарлық - Заң университетінің «Филология», 2012 жылы «Экономика»  факультеттерің, 2015 жылы аталмыш оқу орнының магистратурсын аяқтап, «Гуманитарлық  ғылымдар магистры»  акедемиялық дәрежесін иеленді. 2013 жылдан бастап  «Қазақстан РТРК» АҚ Семей қаласындағы  филиалында редактор қызметінде. Таңғы ақпаратты – сазды «Қайырлы таң» бағдарламасының жүргізушісі. Сондай–ақ, «Заң әліппесі» хабарын, аймақтық және республикалық телекөпірлерді жүргізді. «Сәлем, Семей» бағдарламасының, «Bag`dar» ток-шоуының жүргізушісі. 2009 жылы отбасы Семей қаласының әкімі М. Айнабековтың сыйлығына ие болып, «Жас отбасы» аталымы бойынша марапатталды. 2013 жылы қала әкімі А. Кәрімовтың, 2014 жылы Қалалық мәслихат хатшысы  Б. Ақжаловтың алғыс хатына ие болды. 2014 жылы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының лауреаты атанды. 2017 жылы қала әкімі Е. Сәлімовтен, 2018 жылы қала әкімінің орынбасары Қайрат Ерембесовтен алғыс хат, Шығыс Қазақстан облыстық сотынан марапатқа ие болды.