Эльмира Жүрсінбекқызы

Эльмира Жүрсінбекқызы, шеф редактор
 
1969 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. 1988-2001 жж. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы. 2001 жылдан бері телевизия саласында еңбек етіп келеді. «Қазақстан-Семей» телеарнасында жауапты шығарушы.
 
2006 жылдан «Семей» жаңалықтар қызметінің аға редакторы. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Тәуелсіздікке 20 жыл» медалінің иегері. «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» Акционерлік қоғамының Құрмет грамотасы, қала әкімінің Құрмет грамоталары, Алғыс хаттарымен марапатталған.