Қайрат Мағзұмұлы Қожахметов

Қожахметов Қайрат Мағзұмұлы, аға телеоператор
 
1965 жылы 16 ақпанда дүниеге келген. 1981 жылы Н.Крупская атындағы педагогика инстиутын бітірген. Еңбек жолын Семей қаласындағы №27 орта мектепте мұғалім болып бастады. 1983-1985 жылдары Жаңа Семей аудандық ДОСААФ-ының төрағасы.
 
Кейін Семей технологиялық институтында, 1986-1991 жылдары Семей «Агропромстрой» мекемесінде шебер болып еңбек етті. 1991-1996 жылдары Семей қалалық «ТВК 6» телеарнасында оператор, 1997 жылдан «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» Акционерлік қоғамы Семей қалалық филиалының аға телеоператоры.