Самат Мұсатайұлы Секенов

Секенов Самат Мұсатайұлы, 1974 жылы туған, 1988 жылы Семей қаласының № 18 орта мектебінің 8 сыныбын аяқтап, № 8 кәсіптік лицей-мектебіне оқуға түсіп, 1991 жылы 3 дәрежелі кең профильді станокшы мамандығы бойынша диплом алды.

   Еңбек жолын 1991 жылдың күзінде "Аспаз" шағын өндірістік-коммерциялық кәсіпорнында әр түрлі жұмысшы ретінде бастаған. Өндірістің барлық циклін зерттей отырып, келесі қызметтерді атқарды: жабдықтаушы, директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары, цех бастығы.

   1995 жылдан 1997 жылға дейін № 5 теміржол училищесінде өндірістік оқыту шебері болып жұмыс істеді. 1997 жылдан 2000 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысқан.

2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетіне журналист мамандығы бойынша оқуға түсті. 2004 жылдан 2012 жылға дейін "Семей таңы-Вести Семей"қалалық қоғамдық-саяси газетінің аға тілшісі болып жұмыс істеді. Жұмыс істеген жылдары облыс, Семей қаласы басшылығының дипломдарымен және грамоталарымен, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық бірлестіктер мен әлеуметтік мекемелердің алғыс хаттарымен марапатталған. "Семей қаласының 2012 жылғы үздік журналисті".