Сәуле Мендешқызы Байғалиева

Сәуле Мендешқызы Байғалиева - 1982 жылы 21 сәуірде ШҚО Семей қаласында дүниеге келді. 

Білімі – жоғары. 1999 жылы Шәкәрім университеті «Журналистика» мамандығы бойынша филология факультетіне оқуға түсті. Оқу тәжірибесі 4 жыл бойы Семей телеарнасында өтті. Еңбек жолын 2005 жылы жаңалықтар бөлімінде бастады. Бүгінде жаңалықтар қызметінің корреспонденті, редакторы әрі дикторы.  ҚР президенті, РТРК «Қазақстан» АҚ, «Нұр Отан» партиясының, Ұлттық ядролық орталықтың, Семей қалалық соттың, қалалық маслихаттың алғыс хаттарымен марапатталды.