«Даму» қорының рөлі ерекше.

17:02, 21 желтоқсан 2015

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Жолдауында елімізде индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығы басталғандығын мәлімдеді. Жаңа дағдарысқа қарсы бағдарламада Елбасы жеке меншік кәсіпкерлерді қолдай отырып, ішкі экономикалық өсімді арттыруға басымдық берді. Бұл тұрғыда кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға арналған «Даму» қорының рөлі ерекше.

«Даму» қоры арқылы жүзеге асырылатын «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы тағы да Елбасы Жолдауынан көрініс тапты. Бұл бүгінгі күрделі экономикалық жағдайда кәсібін ашам деген азаматтарға үлкен қолдау болмақ.  Мәселен, бағдарламаға бірқатар өзгерістер енгізілді. Ол бойынша, жобаға қатысушылар санын арттыру көзделген.  «Даму» қоры арқылы бизнес жоспарын іске асырғысы келетіндердің бірі – Айдар Жанабеков. Бүгінде ол серіктесімен бірлесіп, полигон аймағында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауға арналған цех салуда. Кәсіпкер бағдарлама арқылы білім алған. Өткен жылы 14 пайыз жылдық көрсеткіш бойынша алған 20 миллион теңге несиесінің 7 пайызын мемлекет төлейді. Кәсіпорынды көктемде іске қосу жоспарланған.

 

Бердібек УЛЯНОВ

Тақырып бойынша материалдар

Семейде жылу көздерін алдағы маусымға дайындау жұмыстары аяқталып қалды.
14:15, 15 тамыз 2017
Семейде жылу көздерін алдағы маусымға дайындау жұмыстары аяқ...
Толығырақ...
Облыстағы мектептерді жөндеу жұмыстарына мердігерлер 30 жыл бұрынғы ескі материалдарды пайдалануда.
13:33, 10 тамыз 2017
Облыстағы мектептерді жөндеу жұмыстарына мердігерлер 30 жыл...
Толығырақ...
Қала әкімі Ермак Сәлімов 156/15 тузеу мекемесіндегі өндіріс орындарының жұмысымен танысты.
11:58, 3 тамыз 2017
Қала әкімі Ермак Сәлімов 156/15 тузеу мекемесіндегі өндіріс...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ТАЛАПКЕРЛЕРІ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫН ТАПСЫРМАЙДЫ
16:29, 10 шілде 2020
КОЛЛЕДЖ ТАЛАПКЕРЛЕРІ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫН ТАПСЫРМАЙДЫ
Толығырақ...