Курчатов қаласында бірінші сұрыпты әктас шығаратын жаңа зауыт салу көзделген

16:05, 26 қазан 2015

Жобаның мақсаты – 1 сұрыпты әктас шығару.

 «Казхимтехснаб» кальций гидроксидін 2011 жылдан бері өндіреді. Әктас құрылыс саласында, цемент өндіруде, металлургия, тамақ және мұнай-химия, медицина салаларында кеңінен қолданылады. Тұтынушылар арасында «Казцинк» пен «Қазақмыс» сынды ірі кәсіпорындар бар. Бүгінде зауыт 20 мың тоннаға дейін әктас шығарады. Алайда, бұл өңіріміздегі сұранысты өтей алмай отыр. Кәсіпорын 2014 жылы өндірісті жаңартуға бағытталған жобаны іске асыруды бастады. Жоба шеңберінде Курчатов қаласында бірінші сұрыпты әктас шығаратын  жаңа зауыт салу көзделген. Қазақстанда бірегей саналатын кәсіпорынның құны 2 млрд. теңгеден асады. Қазір Семейдегі зауытта 40 адам еңбек етуде. Олар тұрақты еңбекақымен қамтылып, әлеуметтік қолдауға ие.

 

Рысгүл МАДВАСОВА

Тақырып бойынша материалдар

Семейде жылу көздерін алдағы маусымға дайындау жұмыстары аяқталып қалды.
14:15, 15 тамыз 2017
Семейде жылу көздерін алдағы маусымға дайындау жұмыстары аяқ...
Толығырақ...
Облыстағы мектептерді жөндеу жұмыстарына мердігерлер 30 жыл бұрынғы ескі материалдарды пайдалануда.
13:33, 10 тамыз 2017
Облыстағы мектептерді жөндеу жұмыстарына мердігерлер 30 жыл...
Толығырақ...
Қала әкімі Ермак Сәлімов 156/15 тузеу мекемесіндегі өндіріс орындарының жұмысымен танысты.
11:58, 3 тамыз 2017
Қала әкімі Ермак Сәлімов 156/15 тузеу мекемесіндегі өндіріс...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ТАЛАПКЕРЛЕРІ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫН ТАПСЫРМАЙДЫ
16:29, 10 шілде 2020
КОЛЛЕДЖ ТАЛАПКЕРЛЕРІ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫН ТАПСЫРМАЙДЫ
Толығырақ...