Жолдаудың негізгі бағыттарын «Силикат» зауытының ұжымы талқылады.

09:17, 18 желтоқсан 2015

Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауында еліміздің ішкі және сыртқы саясатына, экономика мен әлеуметтік салаға басымдық танытты. Биылғы маңызды құжат та мемлекетіміздің болашақ дамуын бағдарлап берді. Жолдаудың негізгі бағыттарын қаламыздағы «Силикат» зауытының ұжымы талқылады.

Қазақстанның құрылыс индустриясындағы көшбасшы кәсіпорын ұжымы елімізде болып жатқан оқиғаларды қалт жібермей, жыл сайынғы Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді орындау жолында еңбек етуде. Осы жолы да Президентті мұқият тыңдаған олар, маңызды құжатты талқылады. Кәсіпорын жұмысшыларының пікірінше, Жолдауда көрсетілген басым бағыттар әлемдік дағдарысқа қарамастан,экономикамыздағы көптеген өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік бермек. Елбасы Жолдауын талқылаған кезде зауыт жұмысшылары қазақстандық өнім сапасын жақсартып, бәсекелестікті арттыруға бағытталған тұстарына мән берді. Кәсіпорында бұған ерекше көңіл бөлінген. Еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болғандықтан зауыт өнімінің Қазақстанда ғана емес, әлемдік нарықта бәсекелестікке төтеп беруі маңызды. Қазір кәсіпорында өндіріс жаңартылып, заманауи қондырғылар орнатылуда. Қазақстанның құрылыс саласындағы ірі кәсіпорын жарты ғасырдан астам уақыттан бері жылына ондаған миллион дана кірпіш шығарады.

 

Рысгүл МАДВАСОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Семейде жылу көздерін алдағы маусымға дайындау жұмыстары аяқталып қалды.
14:15, 15 тамыз 2017
Семейде жылу көздерін алдағы маусымға дайындау жұмыстары аяқ...
Толығырақ...
Облыстағы мектептерді жөндеу жұмыстарына мердігерлер 30 жыл бұрынғы ескі материалдарды пайдалануда.
13:33, 10 тамыз 2017
Облыстағы мектептерді жөндеу жұмыстарына мердігерлер 30 жыл...
Толығырақ...
Қала әкімі Ермак Сәлімов 156/15 тузеу мекемесіндегі өндіріс орындарының жұмысымен танысты.
11:58, 3 тамыз 2017
Қала әкімі Ермак Сәлімов 156/15 тузеу мекемесіндегі өндіріс...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ТАЛАПКЕРЛЕРІ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫН ТАПСЫРМАЙДЫ
16:29, 10 шілде 2020
КОЛЛЕДЖ ТАЛАПКЕРЛЕРІ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫН ТАПСЫРМАЙДЫ
Толығырақ...