Бірыңғай Ұлттық тестілеуде қандай өзгерістер бар?

14:31, 24 ақпан 2016

Білім сынағына Семейдегі мектеп түлектерінің дайындығы қалай? Осы және өзге де маңызды мәселелер білім саласының мамандары, прокуратура өкілдері мен ата-аналардың қатысуымен өткен жиында талқыланды.

Биыл Семей өңірінде мың жарымнан астам оқушы  мектеп бітіреді. Олардың 540-ы дәстүрлі емтихан таңдаса, 1 100-і Бірыңғай Ұлттық тестілеу тапсырмақ. Жиында белгілі болғандай, алдағы білім сынағына айтарлықтай өзгерістер енгізілмеген. Тек халықаралық жоба жеңімпаздары үшін ғана білім сынағында жеңілдік бар. Биылдан бастап әр тоқсанның соңында 11-сынып оқушыларынан Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілген материалдар бойынша сынақ алу жүйесі енгізілген. Сондай-ақ,  мектептерде ай сайын сынама тестілеу жүргізілуде. Бәрі ойдағыдай болғанымен, әлі де ескеретін тұстар бар. Мектеп түлектері Бірыңғай Ұлттық тестілеуге дайындалған кезде ең алдымен ата-аналар тарапынан үлкен психологиялық қолдау қажет,- дейді білім саласының мамандары. Жиында сондай-ақ, прокуратура өкілі мемлекеттік білім сынағы кезінде ата-аналарды заңсыз әрекеттерге бармауға шақырды. Шара кезінде ата-аналар үшін кеңес беру алаңқайлары ұйымдастырылды. Онда пән мұғалімдері мен психологтар кәсіби кеңестерін және қала колледждерінің ұстаздары кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. 

Тақырып бойынша материалдар

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қаламызда 7 мыңнан астам ұстаз біліктілігін артырған.
12:55, 16 тамыз 2017
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қаламызда 7 мыңн...
Толығырақ...
Техника саласының мамандарын даярлауға Шығыс Қазақстан облысына 4 500 грант бөлінген.
12:54, 16 тамыз 2017
Техника саласының мамандарын даярлауға Шығыс Қазақстан облыс...
Толығырақ...
Еліміздің Білім және ғылым министрлігі республикалық комиссияның шешімімен грант иегерлерінің тізіміне түзетулер енгізді.
12:11, 14 тамыз 2017
Еліміздің Білім және ғылым министрлігі республикалық комисси...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ТАЛАПКЕРЛЕРІ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫН ТАПСЫРМАЙДЫ
16:29, 10 шілде 2020
КОЛЛЕДЖ ТАЛАПКЕРЛЕРІ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫН ТАПСЫРМАЙДЫ
Толығырақ...