Еліміздегі оқу орындарында білім алу қолжетімді болды.

10:41, 8 тамыз 2016

Бұл тұрғыда студенттерге оқудың ақысын төлеуге арналған білім беру несиесін білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ жүзеге асыруда. Аталмыш қаржы орталығының өкілдігі қаламыздан ашылды. Онда білім аламын деушілерге жүйелі түрде әлеуметтік қолдау көрсетілетін болады.

Елімізде білім гранттарының саны шектеулі. Дегенмен, студенттердің білім алуына жеңілдіктер жасалуда. Бұл тұрғыда кепілді білім беру несиелері мен білім беру жинақтау жүйесі бағдарламалары бар. Мемлекеттік бағдарлама еліміздегі ЖОО мен колледждерге арналған. Оның операторы - білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ.

СНХ   ГҮЛНАР ЫСҚАҚОВА – ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТІҢ ПРОРЕКТОРЫ

Мысалы студент алғашқы 3 жылда өз қаржысына оқыды делік. 4-курста отбасын құрады да, оған қосымша қаражат қажет болады. Міне сол қолдауды ол осы қаржы орталығынан табады. Сондықтан менің ойымша, білім алатындар үшін жеңілдікпен несие алып, жоғары білім алу мен диплом бойынша  жұмысқа орналасуда ерекше мүмкіндік пайда болды деп ойлаймын.

Білім беру несиесінің ерекшелігі, алдымен студенттердің білім алуына мүмкіндік беріледі. Оқуды бітіріп, жұмысқа тұрғаннан кейін жарты жылдан соң, несиені өтеуді бастайды. Несие студенттің өзіне, оқу орны серіктесі арқылы рәсімделеді. Біздің өңірде қаржы орталығының 4 серіктесі бар.

СНХ  РАМАЗАН ӘЛІМҚҰЛОВ – «ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ

Бұл кредиттің ерекшелігі біріншіден пайызы төмен. Банктік пайызы 10 пайыздан жоғары. 12 жылға беріледі. Ең бастысы залог жоқ. Кредитті өзіне оформляет. Екіншіден оқу орнында тағы да 6 ай қосылып, сол кезде осы кредит бойынша тек қана банктің төлемақысын төлеп тұрады. Басты қарызы сол мерзімнен кейін төленеді.

Айта кетерлігі, ТМД елдері арасында Қазақстан алғашқылардың бірі болып, мемлекет кепілдігімен білім беру несиесі бағдарламасы мен мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін енгізді.  Басты мақсат-халыққа қолдау көрсетудің жаңа қаржы-экономикалық құралын енгізу және білім алудың қолжетімділігін кеңейту.

 

С.Б. КУАНЫШ СМАГУЛОВ, ЕРНУР КАЛЕЛОВ - СНС  

Тақырып бойынша материалдар

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қаламызда 7 мыңнан астам ұстаз біліктілігін артырған.
12:55, 16 тамыз 2017
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қаламызда 7 мыңн...
Толығырақ...
Техника саласының мамандарын даярлауға Шығыс Қазақстан облысына 4 500 грант бөлінген.
12:54, 16 тамыз 2017
Техника саласының мамандарын даярлауға Шығыс Қазақстан облыс...
Толығырақ...
Еліміздің Білім және ғылым министрлігі республикалық комиссияның шешімімен грант иегерлерінің тізіміне түзетулер енгізді.
12:11, 14 тамыз 2017
Еліміздің Білім және ғылым министрлігі республикалық комисси...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар