Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу республикалық байқаудан Бас жүлдемен оралды.

09:34, 18 желтоқсан 2015

Семейлік өрендер білім мен спортпен қатар, өнерде де талай биікті бағындырып жүр. Солардың арасынан Төлеубай Аманов атындағы орта мектептің 4-сынып оқушылары Алина Мұратқан мен Әмина Ермекованы атауға болады. Олар таяуда Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерден балалар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық байқаудан Бас жүлдемен оралды.

Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерден балалар мен жасөспірімдер байқауы Алматы қаласында өтті. Ақын шығармашылығын дәріптеуге арналған өнер сайысы биыл тұңғыш рет ұйымдастырылды. Алина Мұратқан мен Әмина Ермекова – 4-сынып оқушылары. Оқу озаттары, өнерге жақын. Әсіресе көркемсөз оқығанды ұнатады.  Оқушылар байқауға Ф.Оңғарсынованың «Алмас қылыш немесе мен Махамбетпен қалай кездестім?» атты поэмасын дайындаған. Олар осыған дейін де түрлі деңгейдегі өнер сайыстарына қатысып, көзге түскен. «Ең бастысы – балалардың бойындағы қабілетін дамыту»,- дейді жетекшілері. Республикалық сайыс вокал және көркемсөз оқу жанрынан өтті. Оған еліміздің әр өңірінен 370-тен астам бала қатысқан.

 

Рысгүл МАДВАСОВА

Тақырып бойынша материалдар

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қаламызда 7 мыңнан астам ұстаз біліктілігін артырған.
12:55, 16 тамыз 2017
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қаламызда 7 мыңн...
Толығырақ...
Техника саласының мамандарын даярлауға Шығыс Қазақстан облысына 4 500 грант бөлінген.
12:54, 16 тамыз 2017
Техника саласының мамандарын даярлауға Шығыс Қазақстан облыс...
Толығырақ...
Еліміздің Білім және ғылым министрлігі республикалық комиссияның шешімімен грант иегерлерінің тізіміне түзетулер енгізді.
12:11, 14 тамыз 2017
Еліміздің Білім және ғылым министрлігі республикалық комисси...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар