«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша университетке 300 студент қабылданған

15:21, 11 қыркүйек 2015

Биыл әлеуметтік жоба аясында Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетіне тұңғыш рет грант бөлініп, оңтүстік өңірлерден келген 300 студент білім алуда.

«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша университетке қабылданған 300 студенттің 100-і аграрлық факультетте оқып жатыр. Солардың бірі – Шалқар Ноғайбеков. Тараз қаласының тумасы болашақта мал дәрігері болғысы келеді. «Серпін–2050» бағдарламасына Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының мектеп түлектеріне арналған. Жоба жетекшілері бұл өңірлердің таңдалу себебін «онда тұрғындар санының көбейіп, жұмыс табу қиындағанымен» түсіндірді. Бағдарламаға ілінген жастар Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы оқу орындарында білім алуда.

 

Рысгүл МАДВАСОВА

Тақырып бойынша материалдар

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қаламызда 7 мыңнан астам ұстаз біліктілігін артырған.
12:55, 16 тамыз 2017
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қаламызда 7 мыңн...
Толығырақ...
Техника саласының мамандарын даярлауға Шығыс Қазақстан облысына 4 500 грант бөлінген.
12:54, 16 тамыз 2017
Техника саласының мамандарын даярлауға Шығыс Қазақстан облыс...
Толығырақ...
Еліміздің Білім және ғылым министрлігі республикалық комиссияның шешімімен грант иегерлерінің тізіміне түзетулер енгізді.
12:11, 14 тамыз 2017
Еліміздің Білім және ғылым министрлігі республикалық комисси...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар