2017 жылдың 1-қаңтарынан бастап елімізде әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілмек.

10:44, 28 маусым 2016

Жаңа жүйе адамның денсаулығына деген жауапкершілікті ұлғайтады,- дейді сала мамандары.

Медицина саласындағы жаңалықтар үздік халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, денсаулық сақтау саласындағы сапаны арттыруға бағытталған. Елімізде жаңа жүйені жүзеге асыру мақсатында арнайы әлеуметтік медици­на­лық сақтандыру қоры құрылмақ. Қазақ­стан­дықтар қорға ай сайын міндетті жарналарын аударатын болады. Ал қорда сақталған қаржы науқастардың емделуі үшін емханаларға берілмек.

НАЙЛЯ ӘЛМЕНОВА - №3 ЕМХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

293 8743: 00.47 – В систем обяз. - улучшать здоровье. – 01.14

Орысша: «Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне азаматтардың 4 санаты қатысады. Олардың қатарына жұмыс істейтіндер, өзіне жұмыс істейтіндер жатады. Яғни, жаңа жүйенің енгізілуі арқылы адамдардың өз денсаулығына деген жауапкершілігі артады деген сенімдеміз»

Жаңа жүйенің енгізілуімен, халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қамту да жалғаса бермек. Денсаулық саласы қызметкерлерінің келтіруінше, әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, саланы экономикалық тұрғыдан басқаруға тиімді.

НАЙЛЯ ӘЛМЕНОВА - №3 ЕМХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

293 8743: 01.21 – Общая продолжительность жизни составляет 72 года в Каз-не, но в хороший показатель в развитых страна – это 75 и даже 80 лет. +++Т.е. с внедрением обязательного медстрахования мы ожидаем первым делом улучшить здоровье населения. – 01.50       

Орысша: «Дамыған елдерде адамдардың өмір сүру ұзақтығы 75, тіпті 80 жасқа дейін жетеді. Ал қазақстандағы көрсеткіш 72 жас. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу арқылы біз халықтың денсаулығын қазіргіден де жақсартамыз деген сенімдемін»

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылатын азаматтар да бар. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мұндай тұрғындардың 15 санатын белгілеп отыр. Жалпы, медициналық сақтандырудың дамуы қазіргі денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктерді азайтып, саладағы жұмысты жүйелеуге жол ашады,- дейді мамандар.

 

Р.М. Елжан Мағзұмов СЖҚ 

Тақырып бойынша материалдар

Еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
12:01, 15 қыркүйек 2017
Еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Толығырақ...
 Жапондық ғалымдар онкологиялық ауруларды анықтау бойынша инновациялық әдістерімен бөлісуде.
12:06, 28 тамыз 2017
Жапондық ғалымдар онкологиялық ауруларды анықтау бойынша ин...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар