
Отандық денсаулық сақтау саласын дамытуға жыл сайын мемлекет тарапынан қомақты қаржы қарастырылады.
Бұл ретте арнайы медициналық қызмет түрлерін ұсынатын наркологиялық диспансер сынды мекемелердің жұмысын ширату басты назарда. Ұлт жоспары - «100 нақты қадамда» сапа бойынша бірлескен комиссия құру туралы айтылған. Мамандардың пікірінше, бастама жүзеге асар болса, азаматтарға ұсынылатын қызмет сапасы артпақ. Артур Иванов қалалық наркологиялық диспансерде 2 аптадан бері емделуде. Кейінгі 9 жылда ішімдікке салынып, одан өз еркімен арыла алмағанын айтады. Сол себепті, медициналық көмекке жүгінуді шешкен. Қазір Артур мекемеде психотерапиялық оңалту бойынша ем қабылдауда. Ақ халатты абзал жандардың біліктілігі мен мейіріміне ризамын, - дейді ол.
Дарын САҒИТОВ