Латвияның Рига қаласынан Семейге радиолог мамандар келді

16:13, 26 қараша 2015

Олардың мақсаты – қазақстандық мамандарға жоғары технологиялық сәулемен емдеу әдісін үйрету.

Латвиялық мамандар шеберлік сабақтарын өткізіп, тәжірибелерімен бөліспек. Айта кету керек, қаламыздағы онкологиялық диспансер таяуда медициналық қондырғыға қол жеткізді. Бұл сау тіндерді зақымдамай,  сәулені қатерлі ісікке барынша дәл жіберуге мүмкіндік береді. Семейдің онкологиялық диспансері сәулемен емдеуге арналған жаңа американдық қондырғыға қол жеткізді. «Вариан» фирмасының «Трубим» желілік үдеткіші Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында ғана бар. Ол сау тіндерді зақымдамай,  сәулені қатерлі ісікке барынша дәл жіберетіндігімен бірегей.

 

Рысгүл МАДВАСОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
12:01, 15 қыркүйек 2017
Еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Толығырақ...
 Жапондық ғалымдар онкологиялық ауруларды анықтау бойынша инновациялық әдістерімен бөлісуде.
12:06, 28 тамыз 2017
Жапондық ғалымдар онкологиялық ауруларды анықтау бойынша ин...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар