
Денсаулық сақтау жүйесіндегі реформалар азаматтардың денсаулығын қорғау мен нығайтуға бағытталады.
Алайда, 1996-жылы аталған салаға міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу шаралары сәтсіз болды. Оның өзіндік себептері бар. Құжатта көптеген маңызды тұстар назардан тыс қалып қойған. Ұлт жоспары – «100 нақты қадамда» жіберілген олқылықтар толығымен ескерілген. Кез-келген ауруды емдеу қаржыға кеп тірелетені белгілі. Алайда, адамдардың көпшілігі денсаулығын сақтауға салғырт қарайды. Мамандардың пікірінше, міндетті медициналық сақтандыру бағдарламасы сәтті жүзеге асса, тұрғындар денсаулыққа ден қояр еді. Ал бұған мемлекет пен жұмыспен қамтушының араласуы қазақстандықтардың өмір сапасының жақсаруына оң ықпал етпек.
Дарын САҒИТОВ