Мұқыр ауылының тұрғындары үшін оқыту семинарын ұйымдастырды

13:45, 30 маусым 2015

«Отбасы орталығы» қоғамдық қоры, әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссия Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының және ауылдық әкімшіліктің қолдауымен Мұқыр ауылының тұрғындары үшін «Радиациялық қауіпсіздік. Отбасын жоспарлау. Әйел гигиенасы» атты оқыту семинарын ұйымдастырды.

Мұндай шаралар бұған дейін Знаменка ауылы мен Шаған кентінде өткен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – экологиялық қолайсыз өңірде тұратын әйелдердің өмірін жақсартуға көмектесу. Айта кету керек, көтерілген мәселелер әлем бойынша өзекті. Семинарға «Әйелдер ядролық сынақтарға қарсы жаһандық қауымдастығының» атқарушы директоры Урсула Гелис қатысты. Ол Қазақстанға осыған дейін бірнеше рет келіп, «Отбасы орталығы» қоғамдық қорына белсенді қолдау көрсетіп келеді.

 

Рысгүл МАДВАСОВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
12:01, 15 қыркүйек 2017
Еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Толығырақ...
 Жапондық ғалымдар онкологиялық ауруларды анықтау бойынша инновациялық әдістерімен бөлісуде.
12:06, 28 тамыз 2017
Жапондық ғалымдар онкологиялық ауруларды анықтау бойынша ин...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар