Репродуктология саласында маман тапшылығы байқалады

16:05, 26 қазан 2015

Адам ұрпағын өрбіту, медицина тілімен айтсақ, репродуктология елімізде соңғы жылдары дамып келе жатқан сала болғандықтан, маман тапшылығы байқалады.

Жоқтан бар жасау  оңай шаруа емес, сондықтан бедеулікті емдейтін мамандардың біліктілігін көтеру, олардың қатарын көбейту өзекті. Жер-жерде тәжірибелі мамандар еңбек етсе, нәтиже қазіргіден жоғары болары сөзсіз. Осы орайда қаламыздағы перинаталдық орталық Алматы қаласындағы «Экомед» емханасымен байланыс орнатты. Салтанат Байқошқарова 1995 жылы бедеулікті емдейтін «Экомед» емханасын ашты. Содан бері ол басқаратын клиника талай шаңыраққа сәбидің шат күлкісі мен қаншама отбасына ана мен әке бақытына бөлену сезімін сыйлады. Білікті маманның жұмысы қауырт десек те, Семейдегі перинаталдық орталыққа келуге де уақыт тапты. Ондағы мақсат: білікті дәрігер-гинеколог Архат Дайрбеков басқаратын перинаталдық орталықтың репродуктологиядағы озық тәсілдерді меңгеруіне мүмкіндік беру. Бұл іске облыстық денсаулық сақтау басқармасы қолдау көрсетіп отыр.

Дарын САҒИТОВ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
12:01, 15 қыркүйек 2017
Еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Толығырақ...
 Жапондық ғалымдар онкологиялық ауруларды анықтау бойынша инновациялық әдістерімен бөлісуде.
12:06, 28 тамыз 2017
Жапондық ғалымдар онкологиялық ауруларды анықтау бойынша ин...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕН - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАТРИОТЫМЫН
10:15, 16 қазан 2019
МЕН - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАТРИОТЫМЫН
Толығырақ...