Семейде қызылшаға қарсы егу басталды

16:09, 5 қазан 2015

Шара 15 пен 19 жас аралығындағыларды қамтиды.

Қала бойынша 10 500-ден астам адам қорғаныс қабілетін көтеруі тиіс. Естеріңізге сала кетсек, жыл басында еліміздің әр өңірінде жасөспірімдер арасында асқынулар анықталған соң,екпе жүргізу тоқтатылған болатын. Медицина қызметкерлерінің келтіруінше, асқынуға вакцина емес, жастардың психологиялық тұрғыдан дайын болмауы себеп. Қазан айының 1-нен бастап қызылшаға қарсы екпе жүргізілуде. Бұл жолы барлығы ескерілген. Екпе жүргізу пункттерінде 4 кабинет жұмыс істейді. Күту залында психолог маман жастарды екпеге дайындайды. Келесі бөлмеде дене қызуы өлшеніп, адамның жалпы жағдайы тексеріледі. Екпе жүргізілгеннен кейін, соңғы бақылау бөлмесінде дәрігерлер жасөспірімдерді бақылайтын болады. Оларды жалпы жағдайы дұрыс болса ғана жібереді.

 

Рысгүл МАДВАСОВА

Тақырып бойынша материалдар

Еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
12:01, 15 қыркүйек 2017
Еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Толығырақ...
 Жапондық ғалымдар онкологиялық ауруларды анықтау бойынша инновациялық әдістерімен бөлісуде.
12:06, 28 тамыз 2017
Жапондық ғалымдар онкологиялық ауруларды анықтау бойынша ин...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СЪЕЗБЕК АХМЕТОВТІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
17:05, 22 қыркүйек 2020
СЪЕЗБЕК АХМЕТОВТІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Толығырақ...
COVID БОЙЫНША СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АХУАЛ
14:43, 25 қыркүйек 2020
COVID БОЙЫНША СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АХУАЛ
Толығырақ...
СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМА БАНКІ ҚҰРЫЛАДЫ
14:55, 23 қыркүйек 2020
СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМА БАНКІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...