Семейде облыстық дәрігерлік-денешынықтыру диспансерінің филиалы жұмысын бастады

14:50, 25 қыркүйек 2015

Енді семейлік спортшылар сауықтыру және емдеу шаралары үшін Өскеменге бармайтын болды.

Емдеу мекемесі бірінші қалалық емханада ашылды. Өңіріміздің спортшылары осында диспансерлік ем қабылдап, толық тексеруден өтулеріне болады. Ол үшін емханада барлық жағдай жасалған. Қажетті қондырғылармен жабдықталып, жоғары білікті медицина мамандары жұмыс істеуде. Филиал жұмысымен танысқан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Елдос Шекенов мұндай мекемені Семейде ашудың уақыты жеткенін айтты. Бүгінде өңірімізде спорт дамып келеді. Жерлестеріміз түрлі республикалық және халықаралық жарыстарда топ жарып, жеңімпаз атанып жүр.

 

Рысгүл МАДВАСОВА

Тақырып бойынша материалдар

Еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
12:01, 15 қыркүйек 2017
Еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Толығырақ...
 Жапондық ғалымдар онкологиялық ауруларды анықтау бойынша инновациялық әдістерімен бөлісуде.
12:06, 28 тамыз 2017
Жапондық ғалымдар онкологиялық ауруларды анықтау бойынша ин...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар