Семейде жедел медициналық жәрдем станциясының ғимараты қолданысқа берілді.

18:02, 28 желтоқсан 2015

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында 2013 жылы қолға алынған денсаулық сақтау нысаны барлық заманауи талаптарға сай.

Жаңа ғимаратты салуға 1 млрд.538 млн. теңге шамасында қаржы бөлінген. Жарық, әрі кең нысанда акт залы, асхана бар. Барлығына заманауи қондырғылар орнатылған. Жедел жәрдем стансасының ашылуына қала әкімі Ермак Сәлімов қатысты. Жедел медициналық көмекті жылдам көрсету – басты талап. Стансадағы диспетчерлік қызмет қажетті құралдармен жаңартылған, осы арқылы шақыртуға кеткен бригадалардың қозғалысын бақылап отыруға болады. Жаңа ғимаратқа көшуге байланысты штаттағы жұмысшы санын көбейту көзделген. Қазір Семейде 20-дан астам бригада қызмет көрсетеді. Бүгінде қаламызда тұрғындар саны артып келе жатқандықтан, дәрігерлік бригадалар санын көбейту уақыт талабы. Жедел жәрдем дербес медициналық қызмет ретінде қаламызда 1959 жылы желтоқсан айында құрылған. Станса ұжымы жаңа ғимараттың іске қосылуы арқылы халыққа қызмет көрсету деңгейінің артатынына сенімді.

 

 Рысгүл МАДВАСОВА

Тақырып бойынша материалдар

Еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
12:01, 15 қыркүйек 2017
Еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Толығырақ...
 Жапондық ғалымдар онкологиялық ауруларды анықтау бойынша инновациялық әдістерімен бөлісуде.
12:06, 28 тамыз 2017
Жапондық ғалымдар онкологиялық ауруларды анықтау бойынша ин...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар