
Соңғы үлгідегі құрылғы ота жасалған науқастардың жағдайын тәулік бойы қадағалауға мүмкіндік береді. Жансақтау бөліміне қажетті төсек жанындағы мониторларды Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қор сыйға тартты. Асқар Жакулин – өңірімізден Ресейде білім алған бірінші дәрігер Жәкула Күшікұлының немересі. Салтанатты рәсім Семей полигонының жабылған күніне арналған.