
2014-2015-жылдардың қорытындысы бойынша Қазақстан 49 жасқа дейінгі тұрғындар арасында ВИЧ-инфекцияның таралу көрсеткіші бойынша ең төменгі деңгейдегі елдер қатарында.
Мамандардың айтуынша, кейінгі жылдарда аса қатерлі вирустық дерттің таралу жолдары өзгерген. Бұл туралы арнайы ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында айтылды. Шығыс Қазақстан облысы ВИЧ-инфекция жұқтырғандар саны бойынша елімізде 4-орында. Мамандардың айтуынша, бүгінде қаламызда инфекция жұқтырған 322 адам тіркелсе, оның 10-ы СПИД-ке, яғни жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромына шалдыққандар. Айта кетерлігі, бұрындары ауыр дертке бас бостандығынан айрылғандар шалдықса, қазір олардың қатарын қарапайым адамдар толықтыруда. Оның 70 пайызы - жұмыссыздар.
Дарын САҒИТОВ