
Осыған байланысты 17-қазанда онкологиялық диспансерде ашық есік күні ұйымдастырылды.
Бұл күні нәзік жандылар тегін медициналық тексеруден өтіп, дәрігер-мамандардан кеңес алды. Сүт безі обыры - қатерлі ісік ауруларының ішінде барынша кеңінен таралған. 2014 жылы Қазақстанда бұл дерт 1-орында болса, Семей өңірі бойынша онкологиялық аурулардың арасынан 2-орында. Омырау безі рагының алдын- алу мақсатында, жыл сайын скринингтік тексерулерден өзге, онкологиялық диспансерде ашық есік күні ұйымдастырылады.
Рысгүл МАДВАСОВА