ШҰҒЫЛ! Бейнемонтажер талап етіледі. Толығырақ

Абай театрында премьера болады.

15:37, 17 ақпан 2017

Театр ұжымы көрермендер назарына өзбек драматургы Еркін Хушвактовтың «Қызыл алма» спектаклін ұсынбақ. Бір қарағанда шығарма желісі қарапайым болып көрінуі мүмкін. Немересін тәрбиелеп отырған әженің қақпасын бір жігіт қағады. Жоспары - жас аруды ғана емес, қарт ананың жеміс бағын иелену. Алайда, оның ойын әжей сезіп қояды. Біраз уақыт өткен соң, бұл үйге мейірімді де, адал жігіт келеді. Ол бар болғаны бақтан 1 қызыл алма алып жеуге рұқсат сұрайды. Осыдан кейін талай сынақтан өткен жігіт қарияның немересіне үйленеді. Комедия жастарды адалдыққа, ізгілікке шақырады. 1 актіден тұратын қойылымға 4 адам қатысады. Спектакльде театр ұжымының әртістері 2 құрамда ойнамақ. Көрермендер премьераны алдағы демалыс күндері тамашалай алады.   

Тақырып бойынша материалдар

АМАНОЛЛА РАМАЗАНОВҚА ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ.
20:46, 22 маусым 2018
АМАНОЛЛА РАМАЗАНОВҚА ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ.
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮЗДІКТЕР МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ.
22:03, 18 маусым 2018
ҮЗДІКТЕР МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ.
Толығырақ...