Биыл қазақ телевизиясына 60 жыл

11:01, 2 ақпан 2018

http://kaztrk.kz/news/madeniet/biyl-qazaq-televiziyasyna-60-zhyl-108625

1958 жылы 8 наурызда Алматы телестудиясы тұңғыш рет  хабар таратты. Содан бері телевизия  қарыштап дамыды, техника жаңара түсті. Арнаның медиа кеңістіктегі әлеуеті арта түсті.  Ең әуелі ұлттың қамын ойлаған  басты арна ағартушылық, танымдық хабар таратып, елдегі қай сала болмасын тың тақырыптарды бағдарламаға арқау етті. Раушан Сайлауқызы, тілші: - Салмағы 100 келіге жуықтайтын  камера, залға  сыймай тұратын телеаппараттар, қалың орамды таспа,  Мінекей қазақ телевизиясының алғашқы эфирі осындай бірнеше құрылғылардың көмегімен тарады. Ол кезде көрермен де көп емес еді. Сол сәтте Алматыда мынадай төрт мың, ал өзге аймақтардағы теледидардың саны 100-ге де жетпеген.  Тұсауы Алматыда кесілген арна елдің түкпір-түкпіріне жетті. Іле-шала Өскемен, Қарағанды одан соң өзге де облыстық студиялар да бірінен соң бірі қосылып жатты. Тіпті, кейінгі жылдары шекаралас Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, Ресей елдері басты арнаны еш кедергісіз тамашалады. Қазақ телевизиясының қабырғасын қалаған біртуар азаматтардың алды қазір 100-ге жақындады. Өкінішке қарай, көбісі арамызда жоқ. Олар телевизия деген жаңа саланы жаңғыртты. Арна ауқымын кеңейтті. Ұрпаққа аманат етті. 60 жылдық тарихпен бірге жасасып келе жатқан редактор, білікті журналист Құсыман Игісінов өткен ғасырды ерекше тебіреніспен еске алады. Алғашында 5 сағат тікелей хабар таратқан көгілдір экран көкжиегін кеңейтіп,  бағыты  әртүрлі бағдарламалар санын арттырды. Мәселен, «Тамаша», «Қымызхана», «Алтыбақан», «Мың да бір рахмет» бағдарламалары естеріңізде болар. «Пай-пай 25», «Көкпар»,  «Қарыз бен Парыз», «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны», «Айтыс»,  «Атамекен», «Әлем халықтарының ертегілері», «Алтын сақа», «Сөз мерген», «Ақжүніс» жобалары көптің көкейінде әлі күнге дейін сақтаулы. Екі тілде хабар таратқан арна алғашқы жылдары ағартушылық, танымдық бағыттағы хабарларға бет бұрды. Кейін 70-жылдары телебайқаулар дүниеге келсе, 80-жылдары бұл қатарға ток-шоулар қосылды. Ал, Тәуелсіздік алған жылдары арнаның техникасы да жоба құрылымдары да өзгере түсті. Ләзизә Аймашева, Қазақ телевизиясының ардагері, тұңғыш диктор: - Алғашында оптикалық линзаларды қолмен ауыстыратын камералар пайдаланылған, кейін 70-ші жылдардың соңынан бастап қана заманауи шетелдік құрылғылардың көмегіне жүгінген. Маман аз, технология мүмкіндігі аз болғанымен, ол тың дүниелер жасауға кедергі келтірген жоқ.   Ырысты Сәкенова, Қазақ телевизиясының ардагері, дыбыс режиссері: - Ол кездерде мынадай пульт жоқ. Дыбысты уақытылы бермесем режиссерден сұрайды. Бір әріп дұрыс болмаса редактордан сұрайды. Сондай ұйымшыл топ болдық. Ол кездегі адамдарды ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. 2011 жылдың қыркүйегінен бастап 100 пайыз таза қазақ тілінде хабар таратқан  басты арна 2012 жылдың желтоқсанында «Қазмедиа» ғимаратына көшірілді. Бүгінгі таңда арна эфирінде түрлі жастағы көрерменге арналған жаңалықтар мен түрлі жанрдағы бағдарламалар, мемлекеттік тілді дамытуға негізделген 40-тан астам жоба бар. Еліміздегі ең ірі медиақұрылымның қарамағында 3 республикалық, 14 аймақтық арна, 4 радио және 36 интернет сайт кіреді. HD форматқа толықтай көшкен телеарнаны әлемнің әр түкпірінен онлайн көруге болады. Мінекей, тамыры терең жайылған  Ұлттық арна 60 жылда осындай кезеңдерді өткерді. Көк сандық көрсеткен арнаның хабары әр қазақтың төрінде ғана емес, жүрегінен орын тауып, жадында жатталса ұжымда еңбек еткен 3000-ға жуық қызметкердің ғана емес, телевизия тарихын бірге жасасқан аға буын өкілдерінің де үміттерінің ақталғаны.

қайнар көз: http://kaztrk.kz/news/madeniet/biyl-qazaq-televiziyasyna-60-zhyl-108625
Кез келген материалды қолданған жағдайда мына сілтеме көрсетілуі тиіс http://kaztrk.kz

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ
16:42, 7 желтоқсан 2018
МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
ЗИРАТТАРДЫҢ ТЕМІР ҚОРШАУЛАРЫ ҰРЛАНДЫ
16:39, 7 желтоқсан 2018
ЗИРАТТАРДЫҢ ТЕМІР ҚОРШАУЛАРЫ ҰРЛАНДЫ
Толығырақ...
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НАСИХАТТАУ ЖАСТАРДЫҢ  МІНДЕТІ
16:38, 7 желтоқсан 2018
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НАСИХАТТАУ ЖАСТАРДЫҢ МІНДЕТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ
16:42, 7 желтоқсан 2018
МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...