Болашақта Семейдегі көшені жарықтандыру жұмысы жаңартылмақ.

15:33, 16 ақпан 2017   236

Бұл Еуропалық қайта құру және даму банкімен жасалған келісімшарт шеңберінде жүзеге асатын болады. Көшені жарықтандыру жұмысын жаңғыртуға 2 млрд.860 млн.теңге жұмсалады деп жоспарланған. Қазір алғашқы 40 көше бойынша жобалау құжаттары дайындалуда. Аталмыш жоба бойынша көшені жарықтандыруда бірыңғай басқару орталығын құру қарастырылған. Оның жұмысы GPS-жүйе негізінде жүзеге асырылмақ. Яғни, жаңа техниканың арқасында 1 ғана диспетчер көшені жарықтандыру жүйесін бақылап, реттеп, ақауларды анықтап отырады. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөліміндегілердің атап өткеніндей, ескі шамдарды барынша тиімді, жаңаларына ауыстыру көзделген. 

«Қазақстан-Семей» телеарнасының ресми сайты

071403, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шугаев көшесі, 157 үй Байланыс телефондары: 8 (7222) 53-20-16