Бүлдіршіндер болашақ энергиясы үшін!

10:13, 17 мамыр 2017   55

Семейде бала бақша бүлдіршіндері мен гимназия оқушылары халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында флэш-моб ұйымдастырды. Шараға қатысушылар елімізді мекендеген түрлі этнос өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп, би биледі. Патриоттық тақырыпта ән шырқады. Тәрбиешілер мен хореограф мамандар да белсенділік танытты. Айта кетерлігі, флэш-мобқа 2 мен 6 жас аралығындағы 400-ге жуық бүлдіршіндер мен 1-4-сынып оқушылары қатысты. Мақсат – «ЭКСПО» көрмесіне деген қызығушылықты арттырып, елдегі ынтымақ пен бірлікті насихаттау. Ұйымдастырушылар мереке алды шараға 1 ай көлемінде дайындалған көрінеді.  

«Қазақстан-Семей» телеарнасының ресми сайты

071403, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шугаев көшесі, 157 үй Байланыс телефондары: 8 (7222) 53-20-16