«Діни тұрақтылық – ел дамуының тұғыры, болашақтың кепілі».

09:56, 18 мамыр 2017   148

Семейде Еуразия ұлттық университетінің профессоры Досай Кенжетай облысымыздың дін саласының мамандарымен осындай тақырыпта семинар ұйымдастырды.  Бас қосу мемлекеттік, бюджеттік және құқық қорғау саласының қызметкерлері үшін өткізілді. Мақсат – қатысушыларға тұрғындармен жұмыс барысында қоғамдағы зайырлылық қағидаларын дұрыс түсіндіру. Халыққа, әсіресе жастарға діни радикализм мен экстремизмнің алдын алудың тиімді жолдарын үйрету. Шара барысында теріс ағымды дәріптейтін ғаламтор желілерінің белгілері, оны анықтау әдістері туралы да айтылды. Семинар 2 дәрісханада ұйымдастырылды.

«Қазақстан-Семей» телеарнасының ресми сайты

071403, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шугаев көшесі, 157 үй Байланыс телефондары: 8 (7222) 53-20-16