Еліміздің еңбек нарығы тағы да білікті мамандармен толықты.

14:26, 27 мамыр 2016

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде қаржы-экономикалық факультетінің түлектеріне диплом тапсырылды.

Салттанатты жиынға университет басшылары, оқытушылар мен ата-аналар қатысты. Білікті маман атанған жастардың бірі еңбек жолын таңдаса, енді бірі ғылым саласында білімдерін шыңдамақ. Биыл Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің қаржы-экономикалық факультетін 100-ден аса студент тәмамдады. Олардың арасында Президент, екінші деңгейлі банктердің стипендиаттары бар. Білім мен ғылымда топ жарып жүрген түлектер еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие. Себебі олар Ресей, Польша мен Малайзияда біліктіліктерін арттырған ұстаздардан білім алған, - дейді факультет деканы. СНХ қазақша: САЯБЕК ЗИЯДИН ФАКУЛЬТЕТ ДЕКАНЫ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ 294-4407 01.15 «Бұл балалардың барлығы халықаралық конференцияларға қатысып, университет қабырғасында өмірлерін өте мәнді де, ғылымға да өздерінің біліктіліктерін жоғарлатқан студенттер деп айтуға боалды. Студенттерге шын жүрегімнен ақ жол тілеймін!». 01.29 Университет түлектерінің бірі – Еламан Оразғожин Президент стипендианты. Білім мен ғылымда топ жарған түлек енді бизнес саласына бет бұрмақ ниетте. СНХ қазақша: ЕЛАМАН ОРАЗҒОЖИН ҚАЗИГЗУ ТҮЛЕГІ 294-4403 00.17 «Осы ҚазИГЗУ-дей білім ордасында оқығаныма мен өте қуаныштымын. Және де оқу орнын бітіріп, болашақ өмірде белестердің бәрінен сүрінбей өтемін деген сенімдемін». 00.28 Түлектердің басым көпшілігі белсенді, әрі көшбасшы студенттердің әйгілі «Enactus» сайысының жүлдегерлері. Олардың университет абыройын асқақтатып, білікті маман боларына сенімдіміз, - дейді оқытушылар. Айта кетерлігі, былтырғы түлектердің 70 пайызы бүгінде жұмыспен қамтылған. ДС, Әсия Қаболданова ҚҚ СЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар