Қала әкімі Ермак Сәлімовтің тапсырмасы бойынша, Семейде сәуірдің 1-і мен мамырдың 31-і аралығында тазалық айлықтары жарияланды.

09:45, 19 сәуір 2017   100

Негізгі міндет – тазалық жұмыстарын жүргізу арқылы қаланы көріктендіріп, қалыпқа келтіру. Жергілікті полиция қызметінің ақпаратына қарағанда жыл басынан бері шаһарымызда 54 көшенің тазалығы тексеріліп, көріктендіру ережесін бұзғандарға 627 әкімшілік хаттама толтырылған. Нәтижесінде 2 млн. 270 мың теңге бюджет қоржынына түскен. Тазалық айлықтарының шеңберінде құрамында табиғат қорғау полциясы мен учаскелік инспекторларды қамтыған жедел топ, жекеменшік секторлар мен кәсіпкерлік нысандарды аралайтын болады. Мұнда олардың қоқыс шығару мекемелерімен арада жасаған келісімшарттарының бар-жоқтығы тексеріледі. 

«Қазақстан-Семей» телеарнасының ресми сайты

071403, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шугаев көшесі, 157 үй Байланыс телефондары: 8 (7222) 53-20-16