Қаламызда бір ай бұрын Спорт академиясы пайдалануға берілген болатын.

Оның құрамына балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі, арнайы жатахана және күрес залдары енеді.

16:37, 10 қаңтар 2017   142

Бүгінде мұнда қаламызбен қатар, облысымыздың түкпір-түкпірінен келген дарынды балалар күрес өнерінің қыр-сырын меңгеруде. Спорт академиясының жатаханасында облысымыздың әр ауданынан келген 200-ге жуық бала тұрып жатыр. Заманауи жабдықталған нысанда тұрмысқа қолайлы жатын бөлмелер, оқу залы, асхана бар. Мұндағы ас мәзіріндегі тағамдардың құнарлығына берілген. Көкпектілік Бақытжан Жексенбеков күреспен бірнеше жылдан бері шұғылданады. Ол сүйікті спорт түрімен түбегейлі айналысуға мүмкіндік туғанына қуанышты. БАҚЫТЖАН ЖЕКСЕНБЕКОВ – СПОРТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ «Интернат іші жаңа. Бәрі бар, условиенің бәрі жасалған. Жақсы жабдықталған. Қазіргі заманға сай. 2 уақыт тренировка, 6 уақыт тамақ. Сабағымыз жанымызда». Академия жұмысы шалғайдағы аудандардағы болашағынан үміт күттіретін жас спортшыларды іріктеп, оларды дзюдо, самбо, еркін және грек-рим күрестерінен дайындауға бағытталған. РАУШАН АЛПЫСБАЕВА – ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ «Спорт академия ғылыми негізде жұмыс істейді. Білімді бапкерлер болу керек. Академия болғаннан кейін болашақта семинарлар өткіземіз». МӘДИ ЖАРБОЛОВ – ҚР СПОРТ ШЕБЕРІ«Ауылдық жерде көп мүмкінішіліктер бола бермейді. Бұл жасөспірім палуандарға бұл мемлекет тарапынан үлкен мүмкіншілік. Елбасы саясатының, спортқа деген көңілінің арқасында осындай мемлекеттік спорттық нысандар салынуда. Бұл балаларға үлкен спортқа жол ашады деп есептеймін». Академияға Қазақстанның ғана емес, шетелдік мықты бапкерлер шақыртылған. Қазір мұнда Монғолия, Әзірбайжан мен дағыстандық жаттықтырушылар жеткіншектерді күрес өнеріне баулуда. Мысалы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Абил Ибрагимов осыған дейін Әзірбайжан құрамасын дайындап келген. Мақсат - жас спортшыларды зор табыстарға жетелеу,- дейді шетелдік бапкер.  АБИЛ ИБРАГИМОВ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ /ӘЗІРБАЙЖАН/  «Біз үлкен мақсат қойып отырмыз. Келешекте тәрбиеленушілеріміздің арасынан олимпиада, әлем чемпиондарын шығарсақ деген ниеттеміз. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Балалардың талпынысы да жақсы. Біз олардың жақсы табыстарға жететініне сенеміз». Бүгінде спорт мектебі жалпы саны 1500 жеткіншекті қамтып отыр. Академияда тәрбиеленіп жатқан әр баланың арманы – талмай еңбектеніп, болашақта Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов сынды олимпиада шыңын бағындыру.

Рысгүл Мадвасова, Ернұр Қалелов Семей жаңалықтар қызметі

«Қазақстан-Семей» телеарнасының ресми сайты

071403, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шугаев көшесі, 157 үй Байланыс телефондары: 8 (7222) 53-20-16