Қаламызда «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты тіл фестивалі өтті.

09:57, 18 мамыр 2017   122

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және білім бөлімі бірлесіп ұйымдастырған шара бала бақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларын қамтыды. Фестиваль еліміздегі «Тілдерді дамыту мен қолдану» және үштілділікті дамыту бағдарламалары аясында бірнеше жыл бұрын қолға алынған. Фестиваль барысында оқушылар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру бойынша тапсырмалар орындады. Әр мектеп «Полиглот», «Әліпбидегі әлем», «Алтын сақа», «Жұбын тап» сынды зияткерлік ойындарын ұйымдастырды. Қатысушылар дұрыс жауаптар үшін сыйлықтарға ие болды. 

«Қазақстан-Семей» телеарнасының ресми сайты

071403, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шугаев көшесі, 157 үй Байланыс телефондары: 8 (7222) 53-20-16