Қаламызда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселелеріне арналған тренинг өтті.

14:29, 17 мамыр 2017   157

Шараны облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Салауат» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Тренингке облыстың қалалары мен аудандарынан 15 жас маман қатысты. Олардың арасында жергілікті жастар орталықтарының жетекшілері мен әдіскерлер, жастар ұйымдарының белсенділері бар. Мақсат – жас мамандарға түрлі тақырыптарда оқыту тренингтерін ұйымдастыру мен жүргізу дағдыларын үйрету. Нәтижесінде әр маман өз ауданындағы жастармен жұмысты жаңаша, тиімді жолға қоюда кәсіби дағдыларға ие болады деген сенімдеміз,- дейді ұйымдастырушылар. 

«Қазақстан-Семей» телеарнасының ресми сайты

071403, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шугаев көшесі, 157 үй Байланыс телефондары: 8 (7222) 53-20-16