Қаламызда семейлік суретші Виктор Шмидтің кескіндеме көрмесі ашылды.

14:20, 16 мамыр 2017   83

Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында ұйымдастырылған шара «Музейдегі түн» акциясы қарсаңында қолға алынып отыр. Көрмеге қылқалам шеберінің 40-тан астам туындысы қойылған. Суретші бірігей картинкаларда адамзат және адам жан-дүниесіндегі құбылыстарды ашық бейнелеуге тырысқан. Мұнда тіршілік атаулының жарқын болашаққа, жақсылыққа және биік армандарға ұмтылған сәттерін байқауға болады. Семейлік суретші - Виктор Шмидт көптеген халықаралық байқаулардың дипломанты. Оның көркемсурет туындылары бірқатар шетелдік музейлерде сақтаулы. Ф. Достоевский атындағы театрдың бас суретшісі әлі де ізденіс үстінде. Айта кетірлігі, өнер иесінің дербес көрмесі 1 ай бойы жұмыс істейтін болады.

«Қазақстан-Семей» телеарнасының ресми сайты

071403, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шугаев көшесі, 157 үй Байланыс телефондары: 8 (7222) 53-20-16