Қаңтардың 7-сі күні Семейде православтық христиандар Рождество мерекесін атап өтті.

15:38, 9 қаңтар 2017

Таңмен таласа Воскресен соборына келген қала тұрғындары хормен шіркеулік ән айтып, береке-бірлік тіледі.

Христиандардың бұл мерекесі Пасхадан кейін маңызды мейрамдардың бірі болып саналады. Бұл күнгі ғибадаттар бейбітшілік пен келісімге, қайырымдылық істерге шақырады. Рождество - сенім иелеріне рухани күш-жігер беріп, жанын тазартып, болашаққа деген үмітті нығайтатын мейрам. Осыған орай, бұл күні шіркеуге діни жоралғыларды атқаруға келушілер де көп болды. Христиандардың діни мерекесімен қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова құттықтады.  НАДЕЖДА ШАРОВА - СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Бейбітшілік пен мейірімділікке үндейтін бұл мейрамның орны ерекше. Мен әрбір қазақстандықтың дені сау,  өмірі шаттыққа толы болып, бақытты өмір сүргенін тілеймін. Аға буын өкілдері мен салт-дәстүрге деген құрметіміз артып, әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық болсын».

 

Тақырып бойынша материалдар

«Тәуелсіздік. Астана. Мәңгілік ел».
15:00, 13 желтоқсан 2017
«Тәуелсіздік. Астана. Мәңгілік ел».
Толығырақ...
Семейде ата-аналық құқынан айыру фактілері көбейген
14:58, 13 желтоқсан 2017
Семейде ата-аналық құқынан айыру фактілері көбейген
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Соңғы уақыттары қалада қалта ұрлығы мен алаяқтық көбейген.
17:25, 8 желтоқсан 2017
Соңғы уақыттары қалада қалта ұрлығы мен алаяқтық көбейген.
Толығырақ...
Семейде қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
17:01, 8 желтоқсан 2017
Семейде қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Толығырақ...
Семейліктер өңірлік тұрғын-үй құрылысы бағдарламасы бойынша салынған пәтерлері сатып алуға асығар емес.
14:21, 7 желтоқсан 2017
Семейліктер өңірлік тұрғын-үй құрылысы бағдарламасы бойынша...
Толығырақ...