«Кешегі Алаш – бүгінгі тәуелсіз Қазақстан, болашаққа бағдар» .

14:51, 21 сәуір 2017   203

Қаламызда ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылады.  «Кешегі Алаш – бүгінгі тәуелсіз Қазақстан, болашаққа бағдар» деп аталатын тақырыпта өткен дөңгелек үстелге этно-мәдени бірлестік мүшелерінен өзге, тарихшылар мен студенттер қатысты. Олардың атап өткеніндей, Алаш қозғалысының негізгі идеясы -демократиялы қоғам қалыптастырып, мемлекет құру болатын. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті – сол бастаманың жемісі. Алаш идеясы ұлттық бірігу тұжырымдамасына алып келді. Партия қазақтың оқыған, саяси орталықтарда білім алған ұлт зиялыларының басын қосты. Олардың мақсат-мүддесі - Қазақ елінің рухын асқақтату еді. Кешегі Алаш арыстарының арман-тілегі Елбасы мақаласымен астасты,- дейді шараға қатысушылар. 

«Қазақстан-Семей» телеарнасының ресми сайты

071403, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шугаев көшесі, 157 үй Байланыс телефондары: 8 (7222) 53-20-16