ҚР-ның қарулы күштерінде «Қаратау-2017» оқу-жаттығулары басталды

10:42, 12 қыркүйек 2017

Қорғаныс министрлігінің бұйрығына сәйкес, әскери бөлімдер мен барлық әскери құрамдар жоғары деңгейдегі жауынгерлік әзірлікке келтірілді. Оқу-жаттығуларға Шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік және бастыс өңірлердегі қарулы күштердің бөлімдері қатысады. Оған барлығы 10 мыңға жуық әскери қызметкер мен бір жарым мыңнан астам әскери техника жұмылдырылды. Жаттығудың мақсаты- әскердің жауынгерлік дайындығы мен алға қойған тапсырмаларды мерзімінде орындау қабілетін тексеру. «Дабыл» соғылғаннан кейін «шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының әскери органы оқу-жаттығу тапсырмаларын алып, бөлімдерді жедел орналастыруға кірісті. Белгіленген уақытта әскери қызметкерлер қаруларын алып, техниканы дайындады.  Жиын орнына қарай бет түзеген әскери бөлімдерден жұмылдырылған жеке құрам алдарына қойған жедел-тактикалық тапсырмаларды орындаудағы дайындықтары мен дағдыларын көрсетті.

Тақырып бойынша материалдар

Сауда орталығындағы көшпелі кітап көрмесі.
15:50, 23 ақпан 2018
Сауда орталығындағы көшпелі кітап көрмесі.
Толығырақ...
Қарулы күштер қатарына тіркеу жүріп жатыр.
15:47, 23 ақпан 2018
Қарулы күштер қатарына тіркеу жүріп жатыр.
Толығырақ...
Малды есепке алудың жаңа әдістері енгізілмек.
15:44, 23 ақпан 2018
Малды есепке алудың жаңа әдістері енгізілмек.
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тарбағатайда агроном, математика, физика және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері жетіспейді.
15:06, 19 ақпан 2018
Тарбағатайда агроном, математика, физика және ағылшын тілі п...
Толығырақ...
Ж.Бәзенұлы атындағы физика-математика олимпиадасы өтті.
14:51, 22 ақпан 2018
Ж.Бәзенұлы атындағы физика-математика олимпиадасы өтті.
Толығырақ...
Семейдегі автобустарға электронды билет енгізілмек.
15:05, 19 ақпан 2018
Семейдегі автобустарға электронды билет енгізілмек.
Толығырақ...