Облысымыздың Курчатов қаласында мемлекеттік тілде оқытатын жаңа мектеп пайдалануға берілді.

15:14, 11 қаңтар 2017

Білім ордасы үш ауысымда оқытуды жою мақсатында, Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауы аясында салынған.

 600 орынға арналған заманауи мектептің құрылысына қаржы Ұлттық қордан бөлінген. Жаңа мектептің ашылуы ата-аналар мен оқушылар үшін үлкен мерекеге айналды. Себебі, бүлдіршіндер осыған дейін үш ауысымда оқыған болатын. Бұл өз кезегінде оқу үрдісінде бірталай қиындықтар туғызған еді. Қала әкімінің айтуынша, бұл- бүлдіршіндердің сапалы білім алулары үшін үлкен мүмкіндік.  НҰРБОЛ НҰРҒАЛИЕВ КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ «Жастар – ел болашағы. Демек, мемлекеттің ертеңін өскелең ұрпақ қалайды. Қазақстан әлемде дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат етіп отыр. Жаңа мектепте білім алатын жастар осы межеленген белестерді бағындыруға атсалысатын болады». Білім ошағындағы оқу бөлмелері кең, әрі жарық. Мектепте компьютер сыныбы мен лингвистика кабинеті бар. Спорт залы мен асхана заманауи қондырғылармен жабдықталған. Бір сөзбен айтқанда, білім ошағында балалардың жан-жақты білім алулары үшін,барлық жағдай қарастырылған. АНАР  МҰҚАТАЕВА КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ  «Мектеп қазіргі заманға сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл мектепте балалар сапалы білім алатынына сенімдіміз. Мектептің барлық сыныптарын аралап көрдік. Мектептің іші жарық. Бұрын мектебіміз тар болатын. Оқушыларға отыратын бөлмелер жетіспейтін.Қазір мына мектепке келіп әрбір баланың орын партасын көріп, қуанып жатырмыз». САНЖАР ТОҚТАРБЕК 11 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ  «Бұрын бізде бір қазақ мектебі болатын. Осы қазақ мектебінде бала саны көп болатын. 3 ауысымда оқитынбыз. Спорт зал тар болатын. Қосымшаларға үлгермейтінбіз үш ауысымда болғандықтан. Мектеп өте әдемі». Мектеп құрылысына қарастырылған 867 млн. 440 мың теңге Ұлттық қордан бөлінген. Келісім шартқа сәйкес, алдағы 8 жылда қандай да бір олқылықтар пайда болған жағдайда, мердігер мекеме оларды қалыпқа келтіруге міндетті.     

Дарын Сағитов, Самат Секенов, Серік Нұртаза, «Семей» жаңалықтар қызметі 

Тақырып бойынша материалдар

Сауда орталығындағы көшпелі кітап көрмесі.
15:50, 23 ақпан 2018
Сауда орталығындағы көшпелі кітап көрмесі.
Толығырақ...
Қарулы күштер қатарына тіркеу жүріп жатыр.
15:47, 23 ақпан 2018
Қарулы күштер қатарына тіркеу жүріп жатыр.
Толығырақ...
Малды есепке алудың жаңа әдістері енгізілмек.
15:44, 23 ақпан 2018
Малды есепке алудың жаңа әдістері енгізілмек.
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тарбағатайда агроном, математика, физика және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері жетіспейді.
15:06, 19 ақпан 2018
Тарбағатайда агроном, математика, физика және ағылшын тілі п...
Толығырақ...
Ж.Бәзенұлы атындағы физика-математика олимпиадасы өтті.
14:51, 22 ақпан 2018
Ж.Бәзенұлы атындағы физика-математика олимпиадасы өтті.
Толығырақ...
Семейдегі автобустарға электронды билет енгізілмек.
15:05, 19 ақпан 2018
Семейдегі автобустарға электронды билет енгізілмек.
Толығырақ...