Өткен жылдың 13-желтоқсанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға қол қойды

Осы заңға сәйкес қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдар жазадан босатылады.

16:31, 10 қаңтар 2017   238

Бүгін Семей қалалық №2 сотында 3 жылға бас бостандығы шектелген қала тұрғынына қатысты тұңғыш сот отырыс өтті. Қала тұрғыны Константин Володенко 2014 жылы жұмыссыз жүрген кезінде сыбайластарымен бірге көліктерден аккумулятор ұрлағаны үшін сотталған болатын. Бөтеннің мүлкін қолды еткені үшін оған 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы кесілген. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты жарияланған  рақымшылық жасау туралы заңды естігенде Константин ерекше қуанды. Таяуда анықтау қызметінің қызметкерлері сотталушының үлгілі тәртібін ескере келе, жазалау шарасының күшін жою туралы өтінішпен сотқа жүгінген. Істі тыңдау барысында материалдармен танысқан сот, барлық жағдайды зерделей келе рақымшылық жасау туралы шешім қабылдады.

ЖАНАТ ӘБЕНОВА №2 СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ

«ҚР Рақымшылық туралы» заңның 2-бабының талаптарын негізге ала отырып, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, сот қаулы етеді.Семей қаласы, Затон ауданы анықтау қызметінің ұсынысы қанағаттандырылсын. Володенко Константин Анатольевич «ҚР Рақымшылық туралы» заңының 2-бабы, 1-тармағы, 3-бөлімі негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылсын».

Шартты жазасын өтеу барысында Константин өз кінәсін толық мойындап, түзелуге бет бұрды. Қазірде ол еңбек етіп, отбасына қарайласуда.

КОНСТАНТИН ВОЛОДЕНКО РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАЛҒАН АЗАМАТ

«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық жариялаған ел Президентіне алғысымды білдіремін. Мен енді дұрыс жолға түскенімді сезінемін. Мағыналы өмір сүру керек деген қорытынды жасадым. Барлық азаматтар қателіктерге бой алдырмай, дұрыс өмір сүріңіздер дегім келеді».

Сот органдары өкілдерінің айтуынша, рақымшылық жасау туралы заң бірінші кезекте қылмыстық-түзеу жүйесін ізгілендіруге бағытталған. Жалпы еліміз бойынша рақымшылыққа 30 мың жазасын өтеуші ілінуі мүмкін. Олар бірнеше топқа жіктеледі.

ЖАНАТ ӘБЕНОВА №2 СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ

«Рақымшылыққа орташа ауыр қылмыс жасағандар ілігеді. Олар кішкентай және кәмелет жасқа толмаған балалары бар аналар. Сонымен қатар, балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған ер адамдар, жүкті әйелдер мен 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, кәмелетке толмаған жасөспірімдер, соғыс ардагерлерінің балалары. Орташа ауыр қылмыс жасап, анықтау қызметінің бақылауында жүрген азаматтар да рақымшылыққа іліге алады».

Жыл басынан бері анықтау қызметі мен түзеу мекемелері сот органдарына жаза мерзімін жеңілдету мен күшін жою туралы өтінішпен 80-ге жуық іс жолдаған. Дегенмен, рақымшылыққа лаңкестік және экстремистік қылмыс жасағандар, адам зорлағандар мен аса қауіпті қылмыскерлер ілінбейді. Сондай-ақ, өмір бойы бас бостандығынан айрылғандар мен есірткі, заңсыз қару сатқандар да жазадан босатылмайды.

«Қазақстан-Семей» телеарнасының ресми сайты

071403, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шугаев көшесі, 157 үй Байланыс телефондары: 8 (7222) 53-20-16