Педагогтар бас қосып, білім үрдісіне үштілділікті енгізу аясында пкір алмасты.

14:28, 17 мамыр 2017   84

Жаһандану заманында білімді, әрі рухани құндылықтарға бай ұлт қана кез-келген қиындықтарға төтеп беріп, қарыштап дами алады. Сондықтан, ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық - әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышартар. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазақ қоғамын дамытуға бағытталған саяси-қоғамдық және мәдени-ағартушылық жобаларды ұсынды. Солардың бірі – үш тілде білім беру. Осы бағыттағы жұмыстарды ширату мақсатында өңір ұстаздары жоғары оқу орындардың бірінде бас қосып, білім үрдісіне үштілділікті енгізу аясында пкір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу барысында оқытушылар мен студенттердің қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген ғылыми жобалары, педагогикалық еңбектері мен әдістемелік материалдарының көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылардың пікірінше, білім үрдісіне үштілділікті енгізуге қатысты Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыру –дамыған 30 елдің қатарына ену мүмкіндіктерінің көкжиегін кеңейтеді.

«Қазақстан-Семей» телеарнасының ресми сайты

071403, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шугаев көшесі, 157 үй Байланыс телефондары: 8 (7222) 53-20-16