Семей гарнизонының әскери соты 2 әскери қызметкерге үкім шығарды.

15:37, 17 ақпан 2017

Олар былтыр қараша айында пара алғандары үшін ұсталған. Тергеу барысында анықталғандай, шекара бақылау бөлімшесінде кіші бақылаушы қызметін атқарған күдіктілердің бірі, мемлекеттік шекарадан өткендігі туралы ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізген. Осылайша, азаматтық тұлға бұл құжаттарды көксерке балығының еті Ресейден әкелінген деп көрсету үшін пайдаланған. Мемлекеттік шекараны өткендігі туралы талондар қызметтесінің өтініші бойынша беріліп отырған. Ал ол өз кезегінде 50 мың теңге шамасында сыйақы алған. Семей гарнизоны әскери сотының үкімімен 2 әскери қызметкер де сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда, «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық туралы» Заңның 3-ші бабының негізінде, әскери қызметкерлердің қамауда болғандығы ескеріліп, жазаның өтелмеген мерзімі 2 жыл 9 ай және 1 жыл 3 ай бас бостандығынан шектеу жазасына өзгертілді. 

Тақырып бойынша материалдар

Семейде мемлекеттік қызметкерлер үстел теннисінен өзара сайысқа түсті.
20:09, 20 сәуір 2018
Семейде мемлекеттік қызметкерлер үстел теннисінен өзара сайы...
Толығырақ...
Жарма ауданының өнер ұжымдары тегін концерт өткізді.
20:07, 20 сәуір 2018
Жарма ауданының өнер ұжымдары тегін концерт өткізді.
Толығырақ...
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобаcы талқыланды.
15:40, 20 сәуір 2018
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» ж...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Батыр қыз - Баян Байғожина атына Семейден көше берілмек
15:17, 19 сәуір 2018
Батыр қыз - Баян Байғожина атына Семейден көше берілмек
Толығырақ...
Семейде киокушинкай каратеден республикалық турнир өтті
20:51, 17 сәуір 2018
Семейде киокушинкай каратеден республикалық турнир өтті
Толығырақ...
Бобровка саяжайында бүлінген үйлер таяу уақытта жөнделмек.
20:44, 18 сәуір 2018
Бобровка саяжайында бүлінген үйлер таяу уақытта жөнделмек.
Толығырақ...